О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Астраханского района от 6 февраля 2008 года №27 «Об организации социальных рабочих мест в Астраханском районе в 2008 году» Қолданыста
Басқа 0
Астрахан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 27 «Астрахан ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 27 «Астрахан ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (Астрахан ауданының әділет Басқармасында 2008 жылғы 18 ақпанда 1-6-79 нөмірмен тіркелген, «Маяк» газетінің 2008 жылғы 29 ақпандағы № 8 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3 тармақтың 1) тармақшасындағы:
«мың» сөзінен кейін «(екі миллион торт жүз сексен бір мың)» сөздерімен толықтырылсын;
3 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді, «Маяк» газетінде жарияланған күнінен бастап әрекет етуге кіріседі.