Об утверждении Правил предоставления сведений о товарах, освобождаемых от уплаты таможенных пошлин и налогов в рамках Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Французской Республики об условиях создания и использования космической системы дистанционного зондирования Земли и сборочно-испытательного комплекса космических аппаратов от 6 октября 2009 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1089 қаулысымен бекітілген 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Тармақ 1
1. 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісімінің (бұдан әрі – Келісім) 9-бабына сәйкес әзірленді. Осы Қағидалар Қазақстан тарапының уәкілетті органы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (бұдан әрі – Қазғарыш) Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) Келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босату мақсатында Кеден одағына мүше-мемлекеттер болып табылмайтын елдерден Кеден одағының кедендік аумағының бөлігіне (Қазақстан Республикасының аумағына) әкелуі немесе Кеден одағының кеден аумағының бөлігінен (Қазақстан Республикасының аумағынан) Кеден одағына мүше-мемлекеттер болып табылмайтын елдерге әкету жоспарланған тауалар (бұдан әрі – Тауарлар) туралы қажетті мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазғарыш Тауарларды әкелу немесе әкету көзделген күнге дейін 35 күннен кешіктірмей өтінішті және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мәліметтерді уәкілетті органға жолдайды. Өтініш еркін нысанда жасалады, онда Тауарларды әкелуді немесе әкетуді жоспарлаған ұйым туралы мәліметтер, Тауарларды пайдалану мақсаттары, Тауарларға қолданылатын кедендік рәсімі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Тауарлар туралы мәліметтерді растау үшін өтінішке мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) Тауарлардың тізбесін қамтитын нотариалды куәландырылған сыртқы сауда келісімшарты;
Тармақша 2
2) оның негізінде Тауарларды жіктеу туралы шешім қабылданатын құжаттар (функцияларын, мүмкін болған жағдайда, схемасын, өндірушілердің каталогтарын қөрсетумен техникалық сипаттама) қоса беріледі.
Тармақ 4
4. Қазғарыш уәкілетті органға келісуге тауарларды әкелуді немесе әкетуді жүзеге асыруды жоспарлаған Тараптардың ынтымақтасушы ұйымдары, бірлескен кәсіпорын, сондай-ақ ынтымақтасушы ұйымдармен немесе бірлескен кәсіпорынмен келісімшарттары бар орындаушы ұйымдар (бұдан әрі – өтініш беруші) ұсынған өтінімдердің негізінде Тауарлар туралы мәліметтерді жолдайды. Өтінім Қазғарышқа Тауарларды әкелу немесе әкету көзделген күнге дейін күнтізбелік 40 күннен кешіктірмей ұсынылады және осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес онда Тауарлар туралы мәліметтер болуы тиіс.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган Қазғарыш ұсынған Тауарлар туралы мәліметтер мен құжаттарды Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай Тауарлық номенклатурасы Тауарларының кодтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазғарышқа қабылданған шешім туралы хабарламаны және Қазғарыштың өтінішін алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіге шешімнің түпнұсқасын жолдайды.
Тармақ 6
6. Мынадай себептер:
Тармақша 1
1) Тауарлар туралы мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігі;
Тармақша 2
2) Келісімнің шеңберінен тыс мәлімделген Тауарларды әкелу немесе әкету;
Тармақша 3
3) Тауарлар туралы толық емес немесе күмәнді мәліметтер ұсыну;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларда белгіленген Тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін бұзу келісуден бас тарту үшін негіз болып табылады. Тауарлар туралы мәліметтерді келісуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы Қазғарышқа Тауарлар туралы мәліметтер алған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган Тауарлар туралы мәліметті әкелінетін немесе әкетілетін Тауарларды кедендік тазалау және бақылау жүргізілетін аумақтық бөлімшелерге Қазғарыш ұсынған Тауарлар туралы мәліметтер келісілген күннен бастап 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.
Басқа 17. 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтер
2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымша 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтер Өті­ніш бе­ру­ші­нің/ де­кла­ра­ция тол­ты­ру­шы­ның аты, заң­ды және нақ­ты ме­кен­жайы, бай­ла­ныс жа­сай­тын адам Ке­лі­сім­шар­ттың, ерекше­лік­тер­дің, қо­сым­ша­лар­дың (та­у­ар­лар ті­зі­мі кі­ре­тін) № және кү­ні Жиын­тық­та­у­шы та­у­ар­лар­дың/ жаб­дық­тар­дың ата­уы Жиын­тық­та­у­шы та­у­ар­лар­дың/ жаб­дық­тар­дың са­ны Жет­кі­зу жү­зе­ге асы­ры­ла­тын мер­зі­мі Та­у­ар­лар­ға ке­ден­дік та­за­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ке­ден ор­ган­да­ры­ның ата­уы 1 2 3 4 5 6