Бәйдібек ауданы әкімдігінің 6 сәуір 2009 жылғы N 188 "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 6 сәуір 2009 жылғы N 188 "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуір N 188 "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына (аудандық Әділет басқармасында N 14-5-74 16 сәуір 2009 жылы мемлекеттік тізілімінде тіркелген, тәуелсіз апталық "Шаян" газетінде 23 маусым 2009 жылы N 25 (277) санында жарияланған) мына төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2 тармағымен құрылған әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу жөніндегі комиссия құрамына:
Касетов Серік Тастемірұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Кенжебаев Бақытқали Оңғарұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
комиссия мүшесі болып енгізілсін;
Дәулетбахов Мұрат Шымкентбаевич, Қырғызбаев Марат Алпысбайұлы көрсетілген комиссия құрамынан шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Жолдасқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлім бастығы Касетов Серік Тастемірұлы
28 қыркүйек 2009 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлім бастығының орынбасары Кенжебаев Бақытқали Оңғарұлы
28 қыркүйек 2009 жыл