О признании утратившим силу совместного приказа Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 166 и Министра финансов Республики Казахстан от 25 августа 2009 года № 351 «Об утверждении Правил определения порядка и сроков представления и формы отчетности, а также требований к предоставляемой информации о ходе и результатах использования связанных грантов» Қолданыста
Басқа 0
«Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 166 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 351 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 166 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 351 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5797 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтамақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.