О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 6 февраля 2009 года № 35 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 6 февраля 2009 года № 35 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 35 "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 135
- Қабылданған күні
- 07.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2009 AI47304_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NH000129
- ЭКБ идентификаторы
- 47304
- Редакция идентификаторы
- AI47304_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:50
0 Әкімдіктің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 35 "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 6 ақпандағы № 35 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-121 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2009 жылғы 3 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармағының 8) тармақшасы жойылсын;
3-тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек білім берудің орталық атқарушы органымен жыл сайын кешендік тестілеуден белгіленген минималдық санынан төмен емес балл жинаған, немесе бітіру емтихандарды үздік тапсырған (орта арнаулы оқу орындарына түсетіндерге) және мемлекеттік білім гранттар ала алмаған жалпы орта білім беру мекемелерінің бітірушілеріне тағайындалады және беріледі:
аз қамтылған отбасыларынан;
ата-аналары қамқорлығысыз қалған, оның ішінде жетім-балалар;
көп балалы отбасыларынан ( төрт және оданда көп, бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар бар болса);
бала кезеңінен мүгедек және 1,2,3 топтардағы мүгедектерге, мүгедек балаларға;
3-тармағының 9) тармақшасы жойылсын;
4-тармақ 9) тармақшасымен толықтырылсын:
"9) осы қаулының 3-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға Ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификат көшірмесі және (немесе) орта білімі туралы куәлік".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Д. Мұсылманқұлова