О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 6 февраля 2009 года № 68/2 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2009 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға арналған Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек туралы" № 68/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес және қаланың кейбір атқарушы органдарының құрылымында кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылғы Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 12-3-217 Тізілімінде тіркелген және 2009 жылғы 12 ақпандағы № 7 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 316/6 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 12-3-232 Тізілімінде тіркелген және 2009 жылғы 11 маусымдағы № 24 "Отарқа" және 2009 жылғы 18 маусымдағы № 25 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), № 68/2 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: 1) Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия): Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып; Балтабай Құдайбергенұлы Шахметов, "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, Комиссия мүшесі болып енгізілсін; 2) Комиссия құрамынан Айзада Амангелдіқызы Құрманова, Айнагүл Амангелдіқызы Құрманова шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С. Төлеубаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.