О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 6 февраля 2009 года № 68/2 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2009 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 68/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 14-тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылғы Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-217 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы № 7 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 68/2 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" № 316/6 қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен (2009 жылдың 10 маусымында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-232 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы № 24 "Отарқа" және 2009 жылғы 18 маусымдағы № 25 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) және 2009 жылғы 29 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 68/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 353/7 (2009 жылғы 14 шілдедегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-235 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 шілдедегі № 30 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) және 2009 жылғы 14 тамыздағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 68/2 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" № 497/8 қаулыларымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-242 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 39 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), № 68/2 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының 3-тармақ 14-тармақшасындағы "біржолғы" сөзі алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) Қаулының 4-тармақ 14-тармақшасындағы "6 курстағы" саны мен сөзі "соңғы курстардың" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С. Төлеубаевқа жүктелсін.