О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Карагандинской области от 6 декабря 2011 года № 44/08 "Об утверждении объектов областного коммунального имущества, подлежащих приватизации в 2011-2012 годах" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2011-2012 жылдарда жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүлік объектілерін бекіту туралы" 2011 жылғы 6 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігінің № 44/08 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2011-2012 жылдарда жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүлік объектілерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 44/08 қаулысына (2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1901 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 142 (21156) "Индустриальная Караганда" және 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 208-209 (21199) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1 қосымшада: 3 реттік нөмір келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 3 "Қарағанды облысының жолаушылар көлігін басқару орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды қаласы, Молоков көшесі, 112 "Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі 51 көрсетілген қаулыға 2 қосымшада: 18 жолда: "Объектінің атауы" бағанында: "мемлекеттік нөмірі" жолындағы "324" сандары "234" сандарына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Қарағанды облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.