О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 6 июня 2014 года № 10/233 "Об утверждении форм избирательных документов по выборам депутатов Сената Парламента Республики Казахстан" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9572 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-қосымша осы қаулыға 1 - қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын; 9-қосымша осы қаулыға 2 - қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 33/129 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына 3-қосымша нысан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ ______ жылғы ____________________ (сайлау күні) ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ по выборам депутата Сената Парламента Республики Казахстан _________________ года (дата выборов) «Жақтап» дауыс беремін Голосую «За»
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 33/129 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына 9-қосымша нысан КУӘЛІК _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) ___________________________облысынан (республикалық маңызы бар қаласынан, Республика астанасынан) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат _________________________________________________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты) сенім білдірген адамы болып тіркелді. Сайлау комиссиясының төрағасы __________ ______________________ М.О. (қолы) (аты-жөні, тегі) ______ жылғы «_____»_____________________ (тіркелген күні) Ескертпе: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірген адамының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жарамды. УДОСТОВЕРЕНИЕ ____________________________________________________________ (фамилия, имя, отчество) зарегистрирован(а) доверенным лицом кандидата в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан ____________________________________________________________ (фамилия, имя, отчество кандидата) от ____________________________________ области (города республиканского значения, столицы Республики) Председатель избирательной комиссии ___________ ________________________ М.П. (подпись) (инициал имени, фамилия) «____» _______________ года (дата регистрации) Примечание: Действительно при предъявлении документа, удостоверяющего личность доверенного лица кандидата в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан