О внесении изменений в решение маслихата от 6 августа 2014 года № 189 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Жалгызтал города Аркалыка Костанайской области" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы № 189 «Қостанай облысы Арқалық қаласының Жалғызтал ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы №189 «Қостанай облысы Арқалық қаласының Жалғызтал ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5084 тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда «Торғай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қостанай облысы Арқалық қаласының Жалғызтал ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; көрсетілген шешіммен бекітілген қағидаларында: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Бөлек жиынды Жалғызтал ауылының әкімі (бұдан әрі – ауыл әкімі) шақырады. Арқалық қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қостанай облысы Арқалық қаласы Жалғызтал ауылының әкімі _____________________ Қ. Қасым «20» 03 2015 жыл