О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 6 мая 2014 года № 21/244 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мунайлинском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 21/244 «Мұнайлы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Мұнайлы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 21/244 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2431 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.