О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 6 марта 2014 года № 23-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің,
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
2014 жылғы 6 наурыздағы Зайсан
аудандық мәслихатының № 23-2 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 504 қаулысына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 6 наурыздағы Зайсан аудандық мәслихатының № 23-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3217 нөмірімен тіркелген, Зайсан аудандық «Достық» газетінің 2014 жылғы 12 сәуіріндегі № 29 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1-тармақта;
8 ) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«8 ) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ашық қоғамы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зайсан аудандық бөлімі;
21-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі