О внесении изменений в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2268 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 шілдесінде «Жаңа Өмір – Новая жизнь» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 6 тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға отбасының жан басына шаққандағы табыс көзі күнкөріс деңгейдің бес есесінен аспаған жағдайда ай сайын күнкөріс деңгейдің екі есе мөлшерінде және әлеуметтік мәні бар ауруымен ауыраған азаматтарға жылына бір рет арнайы комиссияның анықтауы бойынша, әлеуметтік қолдау көрсетілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджт және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.