О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 6 октября 2015 года № 108-1759 «О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и в пригородном сообщении города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 6 октября 2015 года № 108-1759 «О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и в пригородном сообщении города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108-1100
- Қабылданған күні
- 31.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2018 103521_335708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01036
- ЭКБ идентификаторы
- 103521
- Редакция идентификаторы
- 103521_335708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:57
0 «Астана қаласының қалалық және
қала маңы бағдарларында жолаушылар
мен багажды тұрақты автомобиль
көлігімен тасымалдау тарифтері туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
6 қазандағы № 108-1759 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1 және 2-тармақтарына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегіЗаңының 19-бабының 4-тармағына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы»Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 956 тіркелді, 2015 жылғы 24 қазандағы № 119 (3324) «Астана ақшамы» және 2015 жылғы 24 қазандағы№ 119 (3342) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 1-тармағы келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына 90 (тоқсан) теңге.».
2
2. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін, кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғаламтор-ресурсында және Астана қаласы әкімдігінің ғаламтор-ресурсында жарияласын.