О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде: 18-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 118. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі «Қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға), тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға және жап­пай қы­рып-жою қа­руын та­ра­ту­ды қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес қар­жы мо­ни­то­рин­гі субъ­ек­ті­сі бо­лып та­бы­ла­тын тұл­ға қыз­ме­ті­нің ба­ста­луы неме­се тоқ­та­ты­луы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі