О внесении изменения в решение маслихата Павлодарской области от 6 декабря 2016 года № 70/9 «О Правилах общего водопользования Павлодарской области» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» №70/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабы 1) тармақшасына, 65-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 19-1/252 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» № 70/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімінің қосымшасындағы 11-тармақ келесі редакцияда жазылсын. «11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып: 1) тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған жерлерде шомылу; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» № 34 бұйрығының талаптарына сәйкес, демалу мен шомылу алаңдары үшін қауіпті және жабдықталмаған су айдындарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар тыйым салу және ескерту белгілерін орнатады; 2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган тыйым салған немесе шектеу қойған жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су мен тұрмыстық қажеттіліктерге арналған су алу; 3) тиісті тыйым салу немесе ескерту белгілері орнатылған жерлерде шағын кемелерде және басқа жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтыны айқындалсын; 4) мал суаруға санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда жол берілмейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.