О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 февраля 2017 года № 10-83 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Зерендинском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5756 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
орыс тіліндегі тақырыбы жана редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
«2) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерген зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда – 200 000 (екі жүз мың) теңге;»;
7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 4
«4) 25 қазан - Республика күні:
1, 2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
8-тармақтың 1) тармақшасында:
«50 саны 289 санына ауыстырылсын».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.