«О внесении изменения и дополнения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 6 октября 2017 года № 14/166-VI «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон
процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешіміне
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-6 тармағына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 501 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5254, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 27 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:
3-тармақта:
Тармақша 2
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
«2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 3
«3) «оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.