О внесении изменения в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданы әкімінің «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: № 604 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: «№ 604 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Барақпай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 31, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Барақпай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралар: Барақпай ауылы, Хлебное ауылы.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы