О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 6 октября 2017 года № 229 «Об утверждении размера выплаты ежемесячного денежного содержания спортсменам Мангистауской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 қаулысына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3440 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жана редакцияда жазылсын: «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы»; көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері бекітілсін.»; көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алып тасталсын; көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулының 2-1-қосымшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 79 қаулысына қосымша Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 қаулысына 2 қосымша Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері № Спорт түрлері, спорттың ойналатын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі Орын Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері (айлық есептік көрсеткіш) Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері спортшы жаттықшырушы 1. Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) 1 орын 250 75 2 орын 200 40 3 орын 150 23 4 орын 90 20 5 орын 70 15 6 орын 60 10 2. Олимпиадалық ойындарға үміткер спортшылар Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін лицензия 80 24 3. Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) 1 орын 100 30 2 орын 80 16 3 орын 70 11 4 орын 50 10 5 орын 40 9 6 орын 30 8 4. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) 1 орын 100 30 2 орын 90 18 3 орын 80 12 5. Азия, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) 1 орын 120 36 2 орын 110 22 3 орын 100 15 6. Жастар арасындағы Азия ойындары (жазғы, қысқы) 1 орын 80 24 2 орын 70 14 3 орын 60 9 7. Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты (жазғы, қысқы) 1 орын 100 30 2 орын 90 18 3 орын 80 12 8. Азия чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы) 1 орын 80 24 2 орын 70 14 3 орын 60 9 9. Жастар арасындағы Әлем чемпионаты 1 орын 60 18 2 орын 50 10 3 орын 40 6 10. Жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 орын 40 12 2 орын 35 7 3 орын 30 5 11. Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы) 1 орын 60 18 2 орын 50 10 3 орын 40 6 12. Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары 1 орын 35 11 2 орын 30 6 3 орын 25 4 Олимпиадалық емес, Паралимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері 13. Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы) 1 орын 60 18 2 орын 40 8 3 орын 30 5 14. Ересектер арасында Азия чемпионаты 1 орын 70 21 2 орын 60 12 3 орын 50 8 15. Ересектер арасында Әлем чемпионаты 1 орын 80 24 2 орын 70 14 3 орын 60 9