О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2017 года № 624 «О некоторых вопросах специальных экономических зон» и от 11 октября 2019 года № 758 «О создании специальной экономической зоны «Qyzyljar» Қолданыста
Басқа 0
«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы
№ 758 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Шымкент қаласының аумағында орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА–ның аумағы Шымкент халықаралық әуежайын қоса алғанда, 529,0001 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
«Qyzyljar» АЭА аумағы 622,3 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.».
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
«Оңтүстік» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы
S = 529,0001 га
___________________
Басқа 2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с
№
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер
Өлшем бірлігі*
Базалық кезең
(2019 жыл)
2020 жылға қарай
қол жеткізу
2025 жылға қарай
қол жеткізу
2030 жылға қарай қол жеткізу
Нысаналы индикатор
Нысаналы индикатор
Нысаналы индикатор
1
2
3
4
5
6
7
1.
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд
теңге
29,6
38,6
60,5
84,2
1.1
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд
теңге
2,5
4,5
7,3
10
1.2
отандық инвестициялар көлемі
млрд
теңге
27,1
28,5
53,2
74,2
2.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд
теңге
53,9
72
147
253
1
2
3
4
5
6
7
3.
Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)
%
0,1
0,3
0,3
0,3
4.
Қатысушылар саны
компаниялар
33
40
50
55
5.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
1500
3500
4500
5500
6.
Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
70
70
80
85
7.
Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы жалпы өндіріс көлеміндегі өнім экспортының үлесі
%
50
50
60
70
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
____________________
Басқа 3. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
3-қосымша
«Qyzyljar» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан (№ 1 субаймақ – 15 га, № 2 субаймақ –7,3 га, № 3 субаймақ –160 га, № 4 субаймақ – 30 га, № 5 субаймақ – 150 га, № 6 субаймақ – 200 га, № 7 субаймақ – 60 га).
«Qyzyljar» АЭА жалпы ауданы – 622,3 га.
«Qyzyljar» АЭА № 1 қосалқы аймағы.
Аумақ қала орталығында орналасқан, Парковая көшесі. Ауданы – 15 га.
«Qyzyljar» АЭА № 2 қосалқы аймағы.
Аумақ Береке шағын ауданында орналасқан, Нефтепроводная көшесі. Ауданы – 7,3 га.
«Qyzyljar» АЭА № 3 қосалқы аймағы.
Аумақ айналма жол ауданында орналасқан, Промышленная көшесі, ЖЭО 2. Ауданы – 160 га.
«Qyzyljar» АЭА № 4 қосалқы аймағы.
Аумақ Шығыс шағын ауданында орналасқан. Ауданы – 30 га.
«Qyzyljar» АЭА № 5 қосалқы аймағы.
Аумақ Петропавл қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан, Теплые Кусты көшесі. Ауданы – 150 га.
«Qyzyljar» АЭА № 6 қосалқы аймағы.
Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінде орналасқан. Ауданы – 200 га.
«Qyzyljar» АЭА № 7 қосалқы аймағы.
Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимка ауылдық округінің Новоишимка ауылында орналасқан. Ауданы – 60 га.
____________________
Басқа 4. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11қазандағы
№ 758 қаулысымен
бекітілген
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с
№
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер
Өлшем бірлігі*
Базалық кезең
(2019 жыл)
2024
жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
2029
жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
2034
жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
2039
жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
2044
жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Тартылған
инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд
теңге
21
175
225,55
227,6
228
229
1.1
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд
теңге
16
158
98,157
100,2
100,2
101,2
1.2
отандық инвестициялар көлемі
млрд
теңге
5
17
127,4
127,4
128,4
128,4
2.
АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд
теңге
-
4,5
250
260
265
270
3.
Қатысушылар саны
компаниялар
1
15
22
24
26
28
4.
Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдардың саны
адам
10
23
29
35
41
47
5.
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
300
1 000
2 641
2680
2 800
3 000
6
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
30
55
65
75
75
85
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
_________________