О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2017 года № 624 «О некоторых вопросах специальных экономических зон» Қолданыста
Басқа 0
«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы Ақтау халықаралық әуежайын қоса алғанда, 9814,503 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
«Ақтау теңіз порты» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Р/с
№
Аймақтардың атауы:
Ауданы, гектар
1.
Порттық аймақ
656,3543
2.
Индустриялық аймақ
7428,1487
3.
Логистикалық аймақ
1730
Жиыны:
9814,503
____________________
Басқа 2. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының
нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының
нысаналы индикаторлары
Р/с
№
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер
Өлшем бірлігі*
Базалық кезең (2024 жыл)
2027 жылға қарай қол жеткізу
2032 жылға қарай қол жеткізу
2037 жылға қарай қол жеткізу
2042 жылға қарай қол жеткізу
2047 жылға қарай қол жеткізу
2052 жылға қарай қол жеткізу
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд теңге
290
370
830
980
1090
1160
1320
1.1
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд теңге
170
179
350
430
480
530
620
1.2
отандық инвестициялар көлемі
млрд теңге
120
191
480
550
610
630
700
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
2
АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд теңге
450
570
900
1050
1200
1400
1600
3
Қатысушылар саны (компаниялар)
бірл.
50
60
105
125
145
160
180
4
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
2300
3400
6300
7000
7300
7600
7900
5
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
50
53
63
68
73
78
83
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
____________________