О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2017 года № 624 «О некоторых вопросах специальных экономических зон» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан. АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады. АЭА аумағы Ақтау халықаралық әуежайын қоса алғанда, 10384,1178 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»; «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары Р/с № Аймақтардың атауы: Ауданы, гектар 1. Порттық аймақ 1038,9691 2. Индустриялық аймақ 7615,1487 3. Логистикалық аймақ 1730 Жиыны: 10384,1178 __________________________
Басқа 2. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары Р/с № Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі* Ба­за­лық ке­зең (2024 жыл) 2027 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2032 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2037 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2042 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2047 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2052 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де: млрд тең­ге 290 440 1230 1380 1490 1560 1720 1.1 ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі млрд тең­ге 170 180 350 430 480 530 620 1.2 отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі млрд тең­ге 120 260 880 950 1010 1030 1100 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 2 АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі млрд тең­ге 450 611 1003 1153 1303 1503 1703 3 Қа­ты­су­шы лар са­ны (ком­па­ни­я­лар) бірл. 50 66 113 133 153 168 188 4 АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны адам 2300 4345 8100 9000 9300 9600 9900 5 АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі % 50 53 63 68 73 78 83 * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген. ____________________