О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2017 года № 710 «Об утверждении перечня объектов, не подлежащих передаче для реализации государственно-частного партнерства, в том числе в концессию» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 74-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесiнде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесi»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер, су (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын iске асыру мақсатында уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiктер әлемi және жануарлар дүниесi.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.