О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 6 февраля 2017 года № 74 «Об утверждении формы заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта и правил ее приема и регистрации» и от 7 февраля 2017 года № 75 «Об утверждении типового специального инвестиционного контракта» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау мен тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 және «Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау мен тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы Инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14806 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартта: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Нұр-Сұлтан қаласы_______________ (күні, айы, жылы) Осы арнайы инвестициялық келісімшарт, ______________________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) атынан________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) негізінде әрекет ететін басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның _______________________________________________________________ (ережелер және (немесе) бұйрық) (бұдан әрі – Уәкілетті орган) және _______________________________________________________________ _______________________________________________________________, (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні) көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан және арнайы инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға не болмаса еркін қойма иесі немесе арнайы экономикалық аймақ қатысушысы болып табылатын _______________________________________________________________, бұдан әрі Тараптар деп аталатын, (жарғы немесе сенімхат) негізінде әрекет ететін (бірінші басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның (бұдан әрі – Заңды тұлға) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мыналарды: 1) Уәкілетті органға арнайы инвестициялық келісімшартты жасасуға және бұзуға тікелей байланысты құқықтар берілгенін; 2) тараптар арнайы инвестициялық келісімшарт іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты _______________________________________________________________, (арнайы инвестициялық жобаның атауы) іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқанын назарға ала отырып, және төмендегілер туралы осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасты.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні заңды тұлғаға инвестициялық преференциялар беру болып табылады: арнайы инвестициялық келісімшарт негізінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары әкелген пайдаланылған шикізат және (немесе) материалдар кеден баждарын салудан босату осындай шикізат пен материалдарды алынған өнімде сәйкестендіру және шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалану танылған жағдайда, еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде жүзеге асырылады; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импортын, сондай-ақ олардың құрауыштарын қосылған құн салығынан босату түрінде инвестициялық преференциялар беру болып табылады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмастан, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.»; 19, 20, 21-тармақтар алып тасталсын; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Арнайы инвестициялық келісімшарт мынадай негіздер бойынша бұзылады: 1) арнайы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзімнің өтуі; 2) еркін қоймалар иелерінің тізілімінен немесе арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының тізілімінен шығару; 3) көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы заңды тұлғамен жасалған келісімді, мұндай заңды тұлға, оның ішінде еркін қойма иесі немесе көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осындай келісімде көрсетілген міндеттемелерді орындамаған кезде бұзу; 4) заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу туралы жазбаша өтініші негізінде; 5) заңды тұлға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 531, 534, 539, 544, 548, 549, 550, 551, 553-баптарында көзделген инвестициялық преференциялар алу үшін арнайы инвестициялық жоба шеңберінде орындауға қажетті Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда.»; 25 және 26-тармақтар алып тасталсын; 28-тармақ алып тасталсын; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Бұл арнайы инвестициялық келісімшарт _____ «___» ____________жылы ______ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей екі данада, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалған. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.». қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 1. «Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 маусымдағы № 340 Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығына 1-қосымша нысан «Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлға болып табылатын _______________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________________________ Қосымша: 1) _____________________________________________________________; 2) _____________________________________________________________; 3) _____________________________________________________________. (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы) ________________________________________________________________ (қолы және мөрі (болған жағдайда))
Басқа 2. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары
Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығына 2-қосымша нысан Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші-арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;;
Тармақша 2
2) арнайы инвестициялық жоба – арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба түсініледі.
Тарау 2. 2-тарау. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберіндегі инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу тәртібі
2-тарау. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберіндегі инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу тәртібі
Тармақ 3
3. Өтініш беруші арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді. 4 Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен үзінді көшірме немесе еркін қойма иесі үшін еркін қоймалар тізіліміне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 3
3) іске асырылған жобалар үшін – тіркелген активтердің енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;; іске асырылатын жобалар үшін-заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негіздейтін құжаттардың көшірмелері. Көлік құралдарын және (немесе) олардың құрауыштарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрауыштарын өндірушілер үшін: нақты тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген құжаттан басқа, қосымша, көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі;
Тармақ 5
5. Өтінім уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу нөмірі мен күні беріліп қабылданады және тіркеледі, содан кейін уәкілетті органның бірінші басшысына не оның орынбасарына беріледі.
Тармақ 6
6. Өтінім тіркелген күні уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары өтінімді қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне өтінімді береді.
Басқа 3
Бұйрыққа 3-қосымша Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшартқа қосымша Тармақша № Өнім (дайын өнім) атауы СЭҚТН* коды ЕАЭО 1. 2. * ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы. Уәкілетті орган: Заңды тұлға: Қолы ____________ Мөр орны Қолы ______________ Мөр орны (болған жағдайда)