О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2018 года № 173 «Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного) и дизельное топливо и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 89-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері Р/с № 1 тон­на­ға ак­ц­и­з­дер мөл­шер­ле­ме­ле­рі (тең­ге­мен) Бен­зин (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) (ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды 2710 12411 0- 2710 12590 0) Ди­зель оты­ны (ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды 2710 19310 0- 2710 19 480 0) 1 2 3 4 1. Өн­ді­ру­ші­лер­дің өзде­рі өн­дір­ген бен­зин­ді (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­нын кө­тер­ме са­уда­да өт­кі­зуі (шіл­де – қа­ра­ша) 24 435 9300 2. Өн­ді­ру­ші­лер­дің өзде­рі өн­дір­ген бен­зин­ді (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­нын кө­тер­ме са­уда­да өт­кі­зуі (жел­тоқ­сан – мау­сым) 24 435 540 3. Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың бен­зин­ді (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­нын кө­тер­ме са­уда­да өт­кі­зуі 0 0 4. Өн­ді­ру­ші­лер­дің бен­зин­ді (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­нын бөл­шек са­уда­да өт­кі­зуі, өзде­рі­нің өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лі­гіне пай­да­ла­нуы (шіл­де – қа­ра­ша) 24 935 9360 5. Өн­ді­ру­ші­лер­дің бен­зин­ді (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­нын бөл­шек са­уда­да өт­кі­зуі, өзде­рі­нің өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лі­гіне пай­да­ла­нуы (жел­тоқ­сан – мау­сым) 24 935 600 6. Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың бен­зин­ді (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­нын бөл­шек са­уда­да өт­кі­зуі, өзде­рі­нің өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лі­гіне пай­да­ла­нуы 500 60 7. Им­порт 24 435 540 8. Са­лық ко­дек­сі­нің 462-ба­бы­ның 5) тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген алыс-бе­ріс ши­кі­за­тын өң­деу өні­мі бо­лып та­бы­ла­тын ак­ц­и­з­де­ле­тін та­у­ар­лар­ды бе­ру (шіл­де – қа­ра­ша) 24 435 9300 9. Са­лық ко­дек­сі­нің 462-ба­бы­ның 5) тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген алыс-бе­ріс ши­кі­за­тын өң­деу өні­мі бо­лып та­бы­ла­тын ак­ц­и­з­де­ле­тін та­у­ар­лар­ды бе­ру (жел­тоқ­сан – мау­сым) 24 435 540 Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады: V х 0,730 М = --------------------, мұндағы: 1000 М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі; V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі; 0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр. Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады: V х 0,769 М = -------------------, мұндағы: 1000 М – өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі; V – өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі; 0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр. 📌 Ескертпе. Тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.