О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2018 года № 173 «Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного) и дизельное топливо и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақ 2
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерінде:
Тармақ 3
реттік нөмірлері 8, 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 4
«
8.
Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (шілде – қараша)
24 435
9300
9.
Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (желтоқсан – маусым)
24 435
540
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«
10.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды кейіннен Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда, көрсетілген тауарларды беру
0
0
».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.