О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2018 года № 173 «Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного), дизельное топливо, газохол, бензанол, нефрас, смесь легких углеводородов и экологическое топливо» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын: « 8. Бензанол өндірушілердің акциз төленген бензин мен отандық өндірістің биоэтанолын компаундирлеу арқылы өндірілген бензанолды көтерме саудада өткізуі 0 0 3 000 ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.