О внесении изменений в постановление акимата от 6 апреля 2018 года № 30 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» местных исполнительных органов Амангельдинского района» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 30 «Амангелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Амангелді ауданы әкімдігінің «Амангелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 30 қаулысына (2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Амангелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде: орыс тіліндегі 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; қазақ тіліндегі 31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.