О приостановлении действия приказа Министра энергетики Республики Казахстан от 6 декабря 2018 года № 481 «Об утверждении Правил организации и проведения торгов сжиженным нефтяным газом через электронные торговые площадки» Күшін жойған
Басқа 0
«Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы бұйрығының қолданысын тоқтата тұру туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес және Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру туралы 2022 жылғы 5 қаңтарда елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мәселелері жөніндегі кеңестің № 20-04/07-1055 хаттамасының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 17897 болып тіркелді) қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі