О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 6 апреля 2018 года №25-8 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Сырымского районного маслихата»» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-8 ««Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы»» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №25-8 ««Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5177 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне: 40-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «40. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады. Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 43-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»; 41-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сырым аудандық мәслихат аппарат басшысына (Е.Макашевқа) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.