О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 6 сентября 2019 года № А-9/427 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Акмолинской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7376 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында: 34-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 3
«3) көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкестігі: Ақмола облысының аумағында азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған сауда-логистикалық инфрақұрылымның және/немесе қойма құрылыстарының немесе арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардың болуы; Комиссия айқындайтын тізбеге сәйкес Ақмола облысының аумағындағы көтерме немесе бөлшек сауда кәсіпорнында (бөлшек сауда объектілері желісінде) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатуды жүзеге асыру; Комиссия айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыру. Кәсіпкерлік субъектісі осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес растайтын құжаттарды ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.