О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2021 года № 1 «Об определении уполномоченных операторов по целевому использованию единовременных пенсионных выплат из единого накопительного пенсионного фонда в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес 2021 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады деп белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.