О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 6 августа 2021 года № 259 «О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 156 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на туристскую операторскую деятельность (туроператорская деятельность)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 6 августа 2021 года № 259 «О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 156 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на туристскую операторскую деятельность (туроператорская деятельность)»
- Атауы (қаз.)
- «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 303
- Қабылданған күні
- 11.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2021 159420_541337.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024735
- ЭКБ идентификаторы
- 159420
- Редакция идентификаторы
- 159420_541337
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:24
0
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы
№ 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23910 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық 2021 жылдың 11 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2021 жылдың 11 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
министрлігі