О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2021 года № 305 «Об утверждении требований к организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении» Қолданыста
Басқа 0
«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарында:
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Практикалық және теориялық сабақтар террористік тұрғыдан осал объектінің меншік иесі, иеленушісі, басшысы (күзет қызметі субъектісінің басшысы) бекіткен өткізу кестесіне сәйкес жылына екі реттен сиретпей өткізіледі.»;
53-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) объектідегі ахуалды бақылау бойынша: байланыс, хабарлау, күзет және дабыл сигнализациясының жүйелері мен құралдары (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралдары – «дабыл түймелері»), телевизиялық күзет жүйелері, пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелері;»;
70-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттігі мен жолдары, объектінің персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты автоматты режимде (аудиожазбаны қосу) трансляциялауды және микрофонды пайдалана отырып, дауыстық хабарландыруды қамтамасыз етуі тиіс.»;
71-тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қалаларда – кемінде 24 сағат;
2) кенттерде және ауылдарда – кемінде 48 сағат;»;
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Террористік тұрғыдан осал стратегиялық объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелерімен жарақтандырылады.
Пилотсыз әуе кемелері арқылы террор құралдарын жеткізуге және қолдануға байланысты қауіп-қатерлер өзекті болатын өзге де объектілерге пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелерін көздеу ұсынылады.
Пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелеріне қойылатын техникалық сипаттамалар нұсқаулықтарда айқындалады.»;
83-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттігі мен жолдары, объектінің персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты автоматты режимде (аудиожазбаны қосу) трансляциялауды және микрофонды пайдалана отырып, дауыстық хабарландыруды қамтамасыз етуі тиіс.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.