О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 августа 2021 года № ҚР ДСМ-80 «Об утверждении минимальных требований к медицинским информационным системам в области здравоохранения» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № ҚР ДСМ-80 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № ҚР ДСМ-80 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23926 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы»;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптар (бұдан әрі – Талаптар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 23 және 24-тармақтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптар
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 79
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 6 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-80
бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 88) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Талаптар денсаулық сақтау субъектілерінің меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында осы Талаптарға сәйкес келетін медициналық цифрлық жүйелер пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Медициналық цифрлық жүйенің өнім берушісі Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы Талаптарда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
Тармақша 3
3) медициналық цифрлық жүйе (бұдан әрі – МЦЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін цифрлық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
Тармақша 4
4) объектілік сәйкестендіргіш – цифрлың жүйе объектісі байланысқан және оны объектілердің әлемдік адрестік кеңістігінде біркелкі сәйкестендіретін цифрлардың бірегей жиынтығы;
Тармақша 5
5) цифрлық аутентификация – Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қол жеткізу кезінде жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растау рәсімі;
Тармақша 6
6) цифрлық деректер – цифрлық нысанда берілген және оны алу тәсілімен цифрлық ұсынылатын нысанына қарамастан автоматтандырылған және (немесе) талдамалық жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға, беруге, таратуға немесе жою үшін жарамды ақпарат;
Тармақша 7
7) DICOM (Digital Imaging and communications in Medicine) – зерттеп-қаралған пациенттердің цифрлық медициналық бейнелері мен құжаттарын жасау, сақтау, беру және көрудің медициналық салалық стандарты;
Тармақша 8
8) HL7 (Health Level 7) – электрондық медициналық ақпаратты алмасу, басқару және интеграциялаудың халықаралық стандарты;
Тармақша 9
9) PACS (Picture Archiving and Communication System) – мамандандырылған бағдарламалық жасақтама, электрондық пошта немесе алмалы-салмалы жеткізгіштер арқылы қосылған жабдықтан, қолмен жүктеу жалымен де алынған медициналық зерттеулерді беруді, сақтауды, қол жеткізуді және олармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптар
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптар
Тармақ 5
5. МЦЖ денсаулық сақтау, цифрлық заңнама және киберқауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес денсаулық сақтау субъектілерінің бизнес-процестерін іске асырады.
Тармақ 6
6. МЦЖ денсаулық сақтау субъектісінің бейініне сәйкес медициналық қызметтерді (көмекті) көрсетуге байланысты клиникалық және әкімшілік деректерді жинауға және өңдеуге арналған құралдарды ұсынады.
Тармақ 7
7. МЦЖ медициналық көмек көрсету процесінде туындайтын клиникалық және әкімшілік деректерді, оның ішінде медициналық оқыс оқиғалар туралы деректерді, денсаулық сақтау субъектісі қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттарды, уәкілетті органның цифрлық жүйелері оларды қабылдауға дайын болған кезде үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беруді қамтамасыз етеді.
Берілетін клиникалық және әкімшілік деректердің тізбесі, құрылымы мен форматы «цифрлық үкімет» шлюзінде орналастырылған интеграциялық сервистердің сипаттамасында айқындалады.
Ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде техникалық қателер анықталған жағдайда денсаулық сақтау субъектісі электрондық пошта арқылы цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымын олар анықталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 8
8. МЦЖ денсаулық сақтау субъектісі қызметкерінің ЭЦҚ электрондық құжаттарға қол қоюға арналған құралдарды ұсынады.
Тармақ 9
9. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің МЦЖ дәрігерлердің және бейінді мамандардың қабылдау графиктерін уәкілетті органның цифрлық жүйелеріне нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. МЦЖ шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, пациенттің медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерінің және (немесе) бейінді маманның қабылдауына және консультациясына алдын ала жазылудың болуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. МЦЖ Кодекстің 61-бабының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес пайдаланушылардың пациенттердің дербес медициналық деректеріне қол жеткізу деңгейлерін реттеу функцияларын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық шараларды қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – ТМККК және (немесе) МӘМС) шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің МЦЖ цифрлық растау немесе көп факторлы құралдарды пайдалана отырып орындалған цифрлық аутентификация арқылы пациенттерді немесе олардың заңды өкілдерін сәйкестендіруге бағытталған технологиялық шараларды қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. МЦЖ құқықтық қатынастар тоқтатылған кезде және (немесе) денсаулық сақтау субъектісінің немесе уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жеті жұмыс күні ішінде МЦЖ-дан барлық цифрлық деректер мен жазбаларды денсаулық сақтау субъектісіне және уәкілетті органның цифрлық жүйелеріне өтеусіз негізде беруді қамтамасыз етеді.
МЦЖ-дан денсаулық сақтау субъектісіне цифрлық деректер мен жазбаларды беру уәкілетті цифрлық денсаулық сақтау ұйымымен келісілген мүлікті қабылдау-беру актісімен ресімделеді.
Тармақ 14
14. МЦЖ денсаулық сақтау субъектісінің сұрау салуы бойынша денсаулық сақтау субъектісінің медициналық қызметінің процестерін жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйелермен (зертханалық, радиологиялық, PACS, дәріханалық, жедел жәрдем) интеграциялау сервистерін ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. МЦЖ-ға пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты жинау және өңдеу үшін зертханалық, радиологиялық, дәріханалық цифрлық жүйелердің және жедел жәрдемнің функционалын ұсынуға жол беріледі.
Тармақ 16
16. Денсаулық сақтау субъектісінің сұрау салуы бойынша МЦЖ пациенттің денсаулық жағдайы туралы деректерді жинау және өңдеуге денсаулық сақтау субъектісінде жұмыс істейтін диагностикалық жабдықтың арналған цифрлық жүйелерімен және (немесе) деректерді, оның ішінде HL7 және DICOM хаттамалары бойынша цифрлық форматта беру функциясымен бар пациенттің жай-күйін дербес мониторингтеу аспаптарымен, интеграциялау сервистерін ұсынады.
Тармақ 17
17. МЦЖ-ға денсаулық сақтау субъектісінде жұмыс істейтін диагностикалық жабдықтың цифрлық жүйелерінен және (немесе) деректерді оның ішінде HL7 және DICOM хаттамалары бойынша цифрлық форматта беру функциясымен пациенттің жай-күйіне дербес мониторингтеу аспаптарынан, пациенттің денсаулық жағдайы туралы деректерді жинау және өңдеу функционалын ұсынуға жол беріледі.
Тармақ 18
18. МЦЖ денсаулық сақтау субъектісінің сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-12 қағидалары) бекітілген Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № ҚР ДСМ-39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22751 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-39 талаптар) бекітілген қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді көрсетуге арналған электрондық ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптардың 4-тармағына сәйкес денсаулық сақтау субъектісінде жұмыс істейтін қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған құралдармен интеграциялау сервистерін ұсынады.
Тармақ 19
19. ҚР ДСМ-12 қағидаларына және ҚР ДСМ-39 талаптарына сәйкес МЦЖ-ға қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер көрсету функционалын ұсынуға жол беріледі.
Тармақ 20
20. МЦЖ «Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы сыныптауларды, анықтамалықтар мен номенклатураны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР-ДСМ-14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22166 болып тіркелген) бекітілген жіктеуіштерді, анықтамалықтарды пайдалануды қолдайды.
Тармақ 21
21. МЦЖ Кодекстің 10-бабының 7) тармақшасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімі негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган қалыптастыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жіктеуіштерін пайдалануды қолдайды.
Тармақ 22
22. МЦЖ денсаулық сақтау субъектісінің есептік алу жүйесімен интеграциялау арқылы мынадай функционалды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, оның ішінде денсаулық сақтау субъектісінің қоймасында жұмсалуы мен есептен шығарудың дербестендірілген есебін нақты уақыт режимінде жүргізу;
Тармақша 2
2) қоймада қалдықтардың тиісті саны болмаған кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тағайындау мүмкіндігін шектеуді баптау;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау субъектісінің бөлімшелеріндегі жалпы шығындар шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жалпы есептен шығару;
Тармақша 4
4) госпитальдық фармация бөлімі қызметінің процестерін жүргізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дербестендірілген есебін жүргізу;
Тармақша 5
5) МЦЖ арқылы уәкілетті органның цифрлық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ете отырып, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу функционалын ұсынуға жол беріледі.
Тармақ 23
23. МЦЖ денсаулық сақтау субъектісінің сұрау салуы бойынша, оның ішінде алгоритмдік жүйелерді (интеллектуалды ассистенттерді) қолдана отырып, мынадай функционалды ұсынады:
пациенттің денсаулық жағдайы туралы медициналық жазбаларды қазақ, орыс тілдерінде және латын терминологиясында жүргізу үшін сөйлеуді тану;
деректерді автоматтандырылған өңдеу;
пациенттерді маршруттауды ұйымдастыру, алғашқы ақпарат жинауды және анамнезін жинауды.
Алгоритмдік жүйелердің тілдік үлгілерін оқыту Қазақстан Республикасының медициналық деректер қорлары, жіктеуіштері мен қазақ және орыс тілдерін, латын терминологиясын танумен сүйемелденетін анықтамалықтары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Осы талаптардың 23-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыруға МЦЖ-ның меншікті функционалы есебінен де, сыртқы алгоритмдік жүйелермен (зияткерлік ассистенттермен) интеграциялау арқылы да сыртқы алгоритмдік жүйелердің Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының, Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі жағдайында жол беріледі.
Тармақ 25
25. Денсаулық сақтау субъектісінің МЦЖ донорлық қан компоненттерінің жасушалық немесе өзге де компоненттерінің тапшылығын немесе дисфункциясын толықтыру үшін емдік мақсатта донорлық қан компоненттерін құюға, сондай-ақ қанды үнемдеуді қамтамасыз ету үшін аутологиялық қан дайындауға байланысты медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде денсаулық сақтау субъектісінің есептің жүйесімен интеграциялау арқылы мынадай функционалды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) қан мен оның компоненттерін жұмсау мен есептен шығарудың дербестендірілген есебін нақты уақыт режимінде жүргізуді;
Тармақша 2
2) қан қызметі ұйымдарынан қан мен оның компоненттерін алу өтінімдерін қалыптастыруы;
Тармақша 3
3) жарамдылық мерзімі өткен соң, сондай-ақ олар пайдалануға жарамсыз болған жағдайда қан мен оның компоненттерінің есептен шығаруды;
Тармақша 4
4) трансфузиология бөлімшесі немесе кабинеті қызметінің процестерін жүргізу кезінде қан мен оның компоненттерінің келгені мен жұмсалуына жалпы және дербестендірілген есеп жүргізу.
Тармақ 26
26. МЦЖ мынадай функционалды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) МЦЖ пайдаланушыларына олардың жұмыс уақыты бойынша қол жеткізуді шектеу;
Тармақша 2
2) пайдаланушының есептік жазбасын жасау, жою және редакциялау;
Тармақша 3
3) пайдаланушылардың өзі рөлін құру, жою және редакциялау;
Тармақша 4
4) нақты пайдаланушыларға өзі рөлдерді бекіту (бір пайдаланушының бірнеше рөлі баға алмайды);
Тармақша 5
5) пайдаланушылардың дербес медициналық деректерді құру, жою және өзгерістер енгізу бойынша іс-әрекеттерін логтау, сондай-ақ нақты пайдаланушылардың белгілі бір уақыт кезеңіндегі іс-қимылдар журналдарын (логтары) қарау;
Тармақша 6
6) пайдаланушылардың жүйеге қол жеткізуіне уақытша тыйым салу;
Тармақша 7
7) пайдаланушыларға жүйеге қол жеткізуі үшін бастапқы парольдерін жасау;
Тармақша 8
8) пайдаланушылардың жүйеге қол жеткізуі үшін парольдерді өзгерту;
Тармақша 9
9) түпнұсқалығын тексеруден өтпеген ЭЦҚ-мен қол жеткізу әрекеттерін қарау функционалын қамтамасыз етуі.
Тармақ 27
27. МЦЖ-ның жұмыс қабілеттілігіне байланысты жалпы тоқтап уақыты жылына жиынтық 24 сағаттан аспайды.
Тармақ 28
28. МЦЖ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға, цифрлық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және мынадай талаптар орындалған кезде құрылады, пайдаланылады және дамытылады:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрландыру саласындағы уәкілетті органдармен келісілген техникалық тапсырма;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижелері бар сынақ хаттамалары;
Тармақша 3
3) «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы уәкілетті органның цифрлық жүйелерімен интеграциясы;
Тармақша 4
4) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар.
Тармақ 29
29. МЦЖ-ның цифрлық ресурстары, нормативтік-техникалық құжаттамасы, интерфейсі, сондай-ақ басқа да ілеспе құжаттары мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және сақталады.
Тармақ 30
30. ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің МЦЖ дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисімен интеграциялау арқылы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабы 1 және 2-тармақтарының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. Жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау субъектілерінің, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың МЦЖ дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік емес сервисімен интеграциялану арқылы Заңның 8-2-бабының 1 және 2-тармақтарының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 32
32. МЦЖ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді, оның ішінде:
Тармақша 1
1) МЦЖ бағдарламалық-аппараттық қамтылымын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыру;
Тармақша 2
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын, оның ішінде криптографиялық шифрлауды қолдану;
Тармақша 3
3) деректерді шифрлауды қолдайтын МЦЖ цифрлық ресурстарын басқару басқару жүйесін қолдану;
Тармақша 4
4) МЦЖ цифрлық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін көп факторлы құралдар пайдаланыла отырып орындалған цифрлық аутентификация қолдану;
Тармақша 5
5) МЦЖ есептеу ресурстарына қол жеткізуді және пайдаланушылардың парольдерін басқаруды пайдалана отырып, көп факторлы құралдар қолданылып орындалған цифрлық аутентификацияны қолдану арқылы жүзеге асырылатын әрекеттерді бақылау;
Тармақша 6
6) МЦЖ пайдаланушыларының құқықтарын объектілердің иерархиясы мен ұйымдық құрылымға жататындығын ескере отырып, өзі жасайтын жұмысы, топтар және қол жеткізу деңгейі бойынша аражігін ажырату;
Тармақша 7
7) киберқауіпсіздікке әсер ететін пайдаланушы әрекеттерін журналға жазу;
Тармақша 8
8) пайдаланушылардың цифрлық оқиғалары мен әрекеттерін өзгермейтін нысанда әкімшілерге қарау үшін ғана қолжетімді мамандандырылған логтар серверінде сақтай отырып, журналға тіркеу;
Тармақша 9
9) жүйелік файлдарды өзгерістерден және (немесе) зақымданулардан қорғауды ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) электрондық құжаттар мен құжаттардың бөліктерін қол қою үшін Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ кілттерін сақтау қоймаларының барлық түрлерімен жұмысты сүйемелдеу;
Тармақша 11
11) олар куәландырылған барлық ЭЦҚ-мен бірге электрондық құжаттарды шығару;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) бекітілген Электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес құжатқа қол қойған адамның өкілеттіктерін тексеру;
Тармақша 13
13) электрондық құжаттарды және цифрлық ресурстарды олар куәландырылған барлық ЭЦҚ-мен, уақыт белгілерімен және электрондық құжатты барлық сақтаудың мерзімі ішінде МЦЖ-да қол қойылған кезде шегеруге (жоюға) арналған тіркеу куәліктерін тексерудің мәртебесі туралы ақпаратпен бірге өзгеріссіз сақтау.
Тармақ 33
33. Денсаулық сақтау субъектісінің МЦЖ пайдаланушылар үшін қолжетімділікті бақылау функционалын қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) осы денсаулық сақтау субъектісі берген қолданыстағы еңбек қатынастары және ЭЦҚ болған кезде;
Тармақша 2
2) осы денсаулық сақтау субъектісінің желісіндегі жұмыс орындарынан немесе қорғалған VPN (Virtual Private Network) арнасы арқылы.
Тармақ 34
34. Денсаулық сақтау субъектісінің МЦЖ әртүрлі құрылғылардан немесе IP мекенжайлардан бір пайдаланушы тіркелгісіне бір уақытта кіруге тыйым салуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 35
35. Цифрландырудың сервистік моделі бойынша көрсетілетін қызмет және (немесе) интернет-сервис және (немесе) мобильдік қосымша ретінде ұсынылатын МЦЖ сенімді IP-мекенжайлар тізбесі бойынша пайдаланушылардың қол жеткізуін шектеу тетіктерінің бар болуын және интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосылуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Деректер мен элементтерді сәйкестендіруге арналған үшін МЦЖ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13615 болып тіркелген) бекітілген Объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді қолдайды.