О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 301 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 32), 33), 34) тармақшалармен толықтырылсын:
«32) дене шынықтыру және спорт саласындағы цифрлық трансформация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
33) ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық даму саласындағы уәкілетті органдармен ақпаратты қорғау мәселелері бойынша өзара байланыс орнатады;
34) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қатысады.».
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.