О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
«36-1. Мемлекеттік органдарға жаңа функциялар беруді, сондай-ақ оларды өзгертуді, толықтыруды және алып тастауды көздейтін жобалар «Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)» ақпараттық жүйесінде Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін қолдана отырып, талдау жүргізілгеннен кейін әзірленеді.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.