О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 6 октября 2023 года № 4-Ө «Об утверждении Положения о Комитете водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары
және ирригация министрлігінің Су
шаруашылығы комитеті туралы
ережені бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Су ресурстары және
ирригация министрлігінің 2023 жылғы
6 қарашадағы №4-Ө бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы №4-Ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.