О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 6 декабря 2023 года № 64/01 «Об установлении водоохранной зоны, полосы участка реки Кокпекты в пределах границ месторождения «Кужал» по добыче твердых полезных ископаемых в Жанааркинском районе области Ұлытау и режима их хозяйственного использования» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 64/01 «Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қатты пайдалы қазбалар өндіру бойынша «Қужал» кен орнының шекарасындағы Көкпекті өзені учаскесінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысы әкімдігінің «Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қатты пайдалы қазбалар өндіру бойынша «Қужал» кен орнының шекарасындағы Көкпекті өзені учаскесінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 64/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 2-қосымшасының 1-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі