О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 6 февраля 2024 года № 118/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы №118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7474-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын: «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде: атауы келесі редакцияда жазылсын: «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары» көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «3. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» № 177 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) ( бұдан әрі – Қағидалар) 4-1 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші есептейді.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағы алынып тасталсын; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «9. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қағидалар негізінде тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.»;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.