Об отмене постановления акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 6 июня 2024 года № 144 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Акжаикского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы «Ақжайық ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 144 қаулысының күшін жою туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы «Ақжайық ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 144 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.