О внесении изменения в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 6 декабря 2024 года № 23/2 «Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Жамбылского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 23/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 6 желтоқсандағы № 23/2 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 1
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 6 қарашадағы № 33/3 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 23/2 шешіміне 4-қосымша Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын келесі ұйымдардың D, С-2, С-3 блогына (қосалқы персонал) жататын жұмыскерлердің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар: 1) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 2) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 3) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 4) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 5) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 6) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 7) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 8) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 9) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; № р/н Ла­у­а­зым­дар­дың то­лық жа­зы­луы (ата­уы) Ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға үсте­ме­а­қы 1 2 3 1. Жүр­гі­зу­ші 50% 2. Ар­хи­ва­ри­ус 30% 3. Аула сы­пы­ру­шы 30% 4. Аудар­ма жө­нін­де­гі ре­дак­тор 30% 5. Бас­шы­ның хат­шы­сы 30% 6. Ста­ти­стик 30% 7. Әдіс­кер 30% 8. Кү­зет­ші 30% 9. Қыз­мет­тік орын жай­лар­ды та­за­ла­у­шы 30% 10. Кө­ші­ру-кө­бей­ту ма­ши­на­ла­ры опе­ра­то­ры 30% 11. Қой­ма­шы 30% 12. Ком­пью­тер­лік тех­ни­ка (бағ­дар­ла­ма­лар) опе­ра­то­ры 30% 13. Ко­мен­дант 30% 14. Қа­зан­дық ма­ши­ни­сі (ко­че­гар) 30%