О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 6 декабря 2024 года № 9 «Об утверждении Правил, перечня и формы сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидаларын, олардың тізбесі мен нысанын бекіту туралы» бұйрықтың 1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Ойын бизнесі туралы заң) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардан қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы берілетін мәліметтердің тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешенін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы берілетін мәліметтердің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің ақпараттық жүйелерін букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерімен интеграциялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тізбесі
2026 жылғы 1 маусымдағы № 11 бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына 2 қосымша Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тізбесі Ойын бизнесін ұйымдастырушы туралы мәліметтер
Тармақ 1
1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 2
2. Ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы. Бәс тігуге қатысушы туралы мәліметтер
Тармақ 3
3. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Тармақ 4
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).
Тармақ 5
5. Сәйкестендіру деректері (тұлға мәртебесіне қарай): • шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатта көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік паспорттың нөмірі (шетел азаматы үшін). • Азаматтығы жоқ адамның куәлігінде көрсетілген ЖСН (азаматтығы жоқ адам үшін).
Тармақ 6
6. Азаматтығы (бар болса).
Тармақ 7
7. Ұялы байланыс абоненттік нөмірі.
Тармақ 8
8. Жеке тұлғаның банктік шоты (бар болса). Бәс тігуге қатысушының аккаунты туралы мәліметтер
Тармақ 9
9. Бәс тігуге қатысушы аккаунтының сәйкестендіргіні.
Тармақ 10
10. Аккаунтты тіркеу күні мен уақыты.
Тармақ 11
11. Аккаунттың мәртебесі (белсенді, бұғатталған). Төлем операциялары туралы мәліметтер
Тармақ 12
12. Төлем операциясына қатысушы (банк және (немесе) төлем ұйымы және (немесе) ұялы байланыс операторы) берген төлем операциясының сәйкестендіргіні.
Тармақ 13
13. Төлем операциясын орындауға қатысатын төлем инфрақұрылымы қатысушысының атауы (банк және (немесе) төлем ұйымы және (немесе) ұялы байланыс операторы).
Тармақ 14
14. Операция түрі: ойын шотын толықтыру, ұтысты төлеу, ақшалай қаражатты қайтару.
Тармақ 15
15. Операцияның күні мен уақыты.
Тармақ 16
16. Операция сомасы.
Тармақ 17
17. Операция валютасы (бар болса).
Тармақ 18
18. Төлем инфрақұрылымы қатысушысы қалыптастырған операция мәртебесі (орындалды, қабылданбады, тоқтатылды, жойылды, қайтарылды).
Басқа 2. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер
2026 жылғы 1 маусымдағы № 11 бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына 3- қосымша Нысан Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер № 1 2 3 4 5 Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ата­уы. Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН) Сәй­кестен­ді­ру де­ректе­рі (тұл­ға мәр­те­бе­сіне қа­рай): ше­тел аза­ма­ты­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­руы­на ық­ти­яр­хат­та көр­се­ті­л­ген же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се ше­тел­дік пас­порт­тың нө­мі­рі (ше­тел аза­ма­ты үшін). Аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­де көр­се­ті­л­ген ЖСН (аза­мат­тығы жоқ адам үшін) 6 7 8 9 10 Аза­мат­тығы (бар бол­са) Ұя­лы бай­ла­ныс або­нент­тік нө­мі­рі Же­ке тұл­ға­ның банк­тік шо­ты (бар бол­са) Бәс тігу­ге қа­ты­су­шы ак­ка­ун­ты­ның сәй­кестен­дір­гі­ні Ак­ка­унт­ты тір­кеу кү­ні мен уа­қы­ты 11 12 13 14 15 Ак­ка­унт­тың мәр­те­бе­сі (бел­сен­ді, бұ­ғат­тал­ған) Тө­лем опе­ра­ци­я­сы­на қа­ты­су­шы (банк және (неме­се) тө­лем ұй­ы­мы және (неме­се) ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры) бер­ген тө­лем опе­ра­ци­я­сы­ның сәй­кестен­дір­гі­ні Тө­лем опе­ра­ци­я­сын орын­да­у­ға қа­ты­са­тын тө­лем ин­фра­құ­ры­лы­мы қа­ты­су­шы­сы­ның ата­уы (банк және (неме­се) тө­лем ұй­ы­мы және (неме­се) ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры) Опе­ра­ция тү­рі: ой­ын шо­тын то­лық­ты­ру, ұты­сты тө­леу, ақ­ша­лай қа­ра­жат­ты қай­та­ру Опе­ра­ци­я­ның кү­ні мен уа­қы­ты 16 17 18 Опе­ра­ция со­ма­сы. Опе­ра­ция ва­лю­та­сы (бар бол­са) Тө­лем ин­фра­құ­ры­лы­мы қа­ты­су­шы­сы қа­лып­та­стыр­ған опе­ра­ция мәр­те­бе­сі (орын­дал­ды, қа­был­дан­ба­ды, тоқ­та­тыл­ды, жой­ыл­ды, қай­та­рыл­ды)