О признании утратившим силу приказа Министра финансов Республики Казахстан от 6 октября 2025 года № 579 «Об утверждении списка стран, с которыми вступил в силу международный договор, регулирующий вопросы избежания двойного налогообложения и предотвращения уклонения от уплаты налогов, номинальная ставка налога на прибыль которых составляет более 75 процентов от ставки корпоративного подоходного налога в Республике Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 579 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 6 қазандағы № 579 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 37079 нөмірімен тіркелген) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.