О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 6 марта 2025 года № 73/1 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление индустриально-инновационного развития Павлодарской области» Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 наурыздағы
«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 73/1
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына және Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын кейбір атқарушы органдарды қайта ұйымдастыру және құру туралы» № 320/2 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 наурыздағы «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 73/1 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Павлодар облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ___________
№ ___ қаулысына
қосымша
«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының әкімдігі индустриялық-инновациялық даму саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61-ғимарат.
Тармақ 10
10. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Управление индустриально-инновационного развития Павлодарской области».
Тармақ 12
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жолданады.
Тарау 2. 2-тарау. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні,
міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні,
міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты облыстың өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық әлеуетін тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
Тармақ 17
17. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні облыстың индустриялық-инновациялық даму және инвестициялар тарту мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 18
18. Міндеттері:
Тармақша 1
1) өңірдің өнеркәсіптік саясатының негізгі басымдықтары мен бағыттарын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) инвестициялар тарту, Павлодар облысының қолайлы инвестициялық имиджін жылжыту;
Тармақша 3
3) өңір кәсіпорындарына инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдем көрсету;
Тармақша 4
4) өңдеуші өнеркәсіп және тау-кен секторы саласында кәсіпорындардың ғылыми-техникалық қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 19
19. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері:
осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық сот органдарында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру;
мемлекеттік органдарда, сотта «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 20
20. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыс аумағында индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін көрсету;
Тармақша 3
3) өңірдің өнеркәсіп саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, тәжірибелік және өзге де көмек көрсету;
Тармақша 5
5) елішілік құндылық мониторингіне тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін сатып алу жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың сатып алуларындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысанда және мерзімде ұсыну;
Тармақша 6
6) өнеркәсіптік мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіптік мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты ұсыну;
Тармақша 7
7) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 8
8) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірді индустриялық дамыту туралы ақпаратты ұсыну;
Тармақша 9
9) өнеркәсіптік мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету;
Тармақша 10
10) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіру және өнеркәсіптік мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын ақпарат ұсыну;
Тармақша 11
11) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ұсыныстар әзірлеуге қатысу, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 13
13) облыс аумағында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсету, оларды қоса қаржыландыруға қатысу;
Тармақша 15
15) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде шетелдік), квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ғылым жөніндегі кеңес құру;
Тармақша 17
17) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) жарғылық капиталына қатысу;
Тармақша 18
18) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 20
20) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 21
21) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;
Тармақша 23
23) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) Павлодар облысының инвестициялық ахуалына талдау жүргізу;
Тармақша 25
25) құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 26
26) уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе тарату туралы шешім қабылдау;
Тармақша 27
27) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру, жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе тарату туралы шешім қабылдау;
Тармақша 28
28) жекешелік индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келістіру;
Тармақша 29
29) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келістіру;
Тармақша 30
30) ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 31
31) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың үлгілік ережесі негізінде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту;
Тармақша 32
32) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 33
33) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу;
Тармақша 34
34) индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындау;
Тармақша 35
35) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға әлеуетті қатысушыларды тарту;
Тармақша 36
36) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
Тармақша 37
37) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шартты жасасу;
Тармақша 38
38) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шартты жасасу;
Тармақша 39
39) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;
Тармақша 40
40) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік топтамасын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған жағдайда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне сәйкес оларға қатысты шешімдер қабылдау;
Тармақша 41
41) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 42
42) «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өтуімен байланысты мәселелерін іске асыру;
Тармақша 43
43) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу үдерісінде тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыру, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттарды мақсатты және тиімді жұмсауға бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде әкімнің, әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;
Тармақша 45
45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының
мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының
мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 21
21. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауап береді.
Тармақ 22
22. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 23
23. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 24
24. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өз орынбасарының, сондай-ақ «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) орынбасары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйым басшысының қатысуымен «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кеңестерін өткізеді;
Тармақша 10
10) «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты береді;
«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 26
26. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 27
27. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 28
28. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 30
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 31. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі
31. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі
Тармақ 32
32. «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйым бар:
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.