Об отмене постановления акимата города Экибастуза от 6 февраля 2025 года № 85/2 «Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами местных исполнительных органов акимата города Экибастуза» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 6 ақпандағы
«Екібастұз қаласы әкімдігі жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы»
№ 85/2 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 6 ақпандағы «Екібастұз қаласы әкімдігі жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» № 85/2 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.