Об утверждении Положения о специальной комиссии для установления стажа работы лицам, проработавшим не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін құрылған арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қаңтардағы өзгерістері және толықтыруларымен «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қоса берілген, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін құрылған арнайы комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Қүлжановаға жүктелсін.
Басқа 3
Қала әкімінің 2005 жылғы «5» сәуір № 4 шешімімен бекітілді 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығындагы кезенде кемінде 6 ай жүмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жүмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссия (бүдан әрі - Комиссия) Петропавл қаласы әкімдігінің арнаулы мемлекеттік жәрдемақы жөніндегі жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз кызметін Қазакстан Республикасының 2004 ж. 31.12-ғы №28-111 енгізілген өзгертулерімен «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 ж. 05.04-гі №365 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қаңтардағы өзгертулері және толықтыруларымен «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы №161 Қаулысына және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеті 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген тұлғалардың, болған еңбек өтілі туралы құжаттар жоқ болған немесе толық берілмеген жағдайда еңбек өтілін белгілеу болып табылады.
Тармақ 4
4. Арнайы Комиссияға жергілікті өкілді органдардың, жергілікті озін-өзі басқару органдарының, ардагерлер кеңестерінің, қоғамдық бірлестіктердің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар өкілетті органдарының, орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, әскери комиссариаттардың қызметкерлері кіреді.
Тарау 2. 2. Комиссияның уәкілеттігі
2. Комиссияның уәкілеттігі
Тармақ 5
5. Осы ережемен анықталған міндеттерді іске асыру үшін, Комиссия мыналарға:
Тармақша 1
1) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс өтілін растау үшін берілетін құжаттардың мазмұнына құқықтық баға беруді және тиесілі ресімделуін жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) жұмыс өтілін куәгерлердің көрсетулері бойынша белгілеуге (куәгерлерді анықтау);
Тармақша 3
3) өтінушінің жұмыс өтілін белгілеу үшін қажетті құжаттарға сұрау салуға;
Тармақша 4
4) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығы кезеңіндегі жұмыс өтілін белгілеу (немесе белгілеуден бас тарту) туралы шешім шыгаруға;
Тармақша 5
5) жұмыс өтілін белгілеу кезінде құжаттардың қаралу барысы туралы өтінушіні жазбаша хабардар етуге құқылы.
Тарау 3. 3. Комиссияның жауапкершілігі
3. Комиссияның жауапкершілігі
Тармақ 6
6. Комиссия мүшелері өз міндетерін тиесілі орындамағаны жэне біле тұра заңсыз шешім шығарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауапкершілік атқарады.
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 7
7. Жәрдемақы төлеуді жүзеге асыратын ұйымнан түскен құжаттар, журналда тіркеледі.
Тармақ 8
8. Комиссия он күннің ішінде түскен құжаттарды қарайды және тиесілі ұйымдардан (кәсіпорындардан) немесе куәгерлер сұралғаннан кейін жетіспейтін құжаттарга сұрау салу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Қажетті құжаттарды жинаудың, куәгерлер сұралуының қорытындысы бойынша Комиссия жұмыс өтілі туралы шешім шығарады. Қабылданған шешім үш күндік мерзімде жәрдемақы төлеуді жүзеге асыратын ұйымға жіберіледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның құзырына кіретін мәселелердің шешімі, оның мүшелері дауысының жай көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып болып табылады.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
5. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 11
11. Қала әкімінің Комиссия қызметін тоқтату туралы қабылдаған шешімі Комиссия қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссия қызметін тоқтатуға әкеп соғатын, осы Ереженің 11 тармағында көрсетілген жағдаят туғанда әкімге атқарылған жұмыс туралы есеп-хат жіберіледі.