О внесении изменения в решение 6 сессии Абайского районного маслихата от 8 июня 2012 года № 6/59 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи по Абайскому району" Күшін жойған
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының 6 сессиясының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1.
Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 «Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 шілдедегі № 26 (3927) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 8-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.».
Тармақ 2
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
А. Сейфуллина
«Абай ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
Ж. Жиенбаева