Об утверждении мероприятий по подготовке и проведению празднования 60-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годы Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі іс-шараларды бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар (қосымша 1) мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы (қосымша 2) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімдігінің
18.10.2004 ж. № А-9/239
"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
60 жылдығын мерекелеуге дайындалу
мен өткізу жөніндегі іс-шараларды
бекіту туралы" қаулысына қосымша 1
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
Р/с
Іс-шаралардың атаулары
Орындалу мерзімі
Орындалуына
жауаптылар
1
2
3
4
1.
Барлық аудандар мен қалаларда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі жоспарлар дайындау және бекіту
20.10.04ж. дейін
Аудандар мен қалалардың әкімдері
2.
Астана қаласында өтетін Жеңістің 60 жылдығына арналған шеруге қатысатын делегация құрамына үміткерлерді анықтау
2005 ж. 1 наурызға дейін
Облыстық, қалалық және аудандық соғыс ардагерлері, облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар (келісімдері бойынша)
3.
Ақмола облысы ұйымдарына тапсырыс беріп Жеңіс шеруіне қатысатын соғыс ардагерлеріне мерекелік киім тігуді орталықтандырылған түрде ұйымдастыру
2005 жылғы 1 сәуірге дейін
Облыстық, қалалық және аудандық соғыс ардагерлері кеңестері, облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар (келісімдері бойынша)
4.
Астана қаласында өтетін Жеңістің 60 жылдығына арналған шеруге қатысатын соғыс ардагерлерінің келуін ұйымдастыру
2005 жылдың 9 мамыры қарсаңында
Облыстық, қалалық және аудандық соғыс ардагерлері кеңесі, облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар (келісімдері бойынша)
5.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің наградаларымен наградтау үшін облыстық ардагерлер кеңесімен келісілген үміткерлер тізімін тапсыру
2005 ж. 1 наурызға дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері
6.
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерінің қатысуымен оларды құрметтеу кездесулері мен кештерін өткізу, "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл" мерекелік медальдерін салтанатты жағдайда тапсыру және ескерткіш сыйлықтар мен Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хатын тапсыру
2005 жыл 6,7,8,9 мамыр
Облыстық, қалалық және аудандық соғыс ардагерлері кеңесі, облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар (келісімдері бойынша) Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
7.
Салтанатты жиналыс, Ақмола облысы әкімінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен майдандар бойынша кездесуі. "Ол күндерді ұмытуға болмайды".
2005 жыл 8 мамыр
Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық, қалалық және аудандық соғыс ардагерлері, облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар (келісімдері бойынша)
8.
Салтанатты митинг, ескерткіштерге, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын қиған жауынгерлердің зираттарына гүл шоқтарын қою, соғыс ардагерлерінің, әскери курсанттардың, әкімшілік органдардың, облыс жоғары оқу орындары мен орташа-арнайы оқу орындарының шерулері
2005 жыл 9 мамыр
Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық, қалалық және аудандық соғыс ардагерлері кеңесі, облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар (келісімдері бойынша), облыстық ішкі саясат департаменті
9.
1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында қаза болған және хабарсыз кеткенге арналған "Боздақтар" атты естелік кітапты шығару мен тарату жұмыстарын аяқтау (ТМД елдері Басшылары кеңесінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі шешімі бойынша)
2005 ж. 1 мамырға дейін
Облыстық, қалалық және аудандық соғыс ардагерлері кеңесі, облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар (келісімдері бойынша)
10.
Ұлы Отан соғысында қаза болған және хабарсыз кеткен жауынгерлерге арналған ескерткіштерді, ескерткіш тақталарды жөндеу, қалпына келтіру және көгалдандыру
2005 жыл 1 мамырға дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық, қалалық және аудандық соғыс ардагерлері кеңесі, облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар (келісімдері бойынша)
11.
Соғыс ардагерлерінің тұрғын үй жағдайын мұқият тексеру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасына енгізу
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы
12.
Өтініш берген ҰОС ардагерлеріне 192 телефон орнатуды аяқтау:
-Көкшетау қаласы
облыстың селолық округтерінде
2005 ж.
1 қаңтарға дейін
2005 ж.
1 сәуірге дейін
"Қазақтелеком" АҚ филиалының облыстық телекоммуникация дирекциясы
13.
Соғыс ардагерлерін тұрғылықты жерлерінде арнайы белгіленген дәріханаларда дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету (тегін және белгіленген жеңілдіктермен) мәселелерін қарастыру
2005 жылғы 1 мамырға дейін
Аудандар мен қалалардың әкімдері
14.
Облыстық емханада ҰОС ардагерлеріне тіс протездерін салу жөніндегі кабинет ашу мәселесін қарастыру
01.01.05 ж. дейін
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы
15.
Қажет ететін ҰОС ардагерлерін Жеңістің 60 жылдығына дейін есту протезі аппараттарымен және тифломагнитолалармен қамтамасыз ету
01.05.05 ж. дейін
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
16.
Соғыс ардагерлері мерзімдік баспасөз құралдарын (облыстық, аудандық, қалалық) тегін жаздырып алуын ұйымдастыру
2005 жылға
Аудандар мен қалалардың әкімдері, "Қазпочта" ААҚ-ның Ақмола облыстық филиалы (келісім бойынша)
17.
Әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлері мүмкіндігін ескере отырып, ай сайын мүгедектердің, ҰОС ардагерлері мен оларға теңгерілгендердің тізімдерін түгендеп отыру
01.09.04 ж. - 01.05.2005 ж.
облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері, "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" РМҚК-ның облыстық филиалы, МЗТО аудандық, қалалық бөлімдері (келісімдері бойынша)
18.
ҰОС ардагерлерін Щучье-Бурабай курорттық аймағының шипажайларында сауықтыру мен емдеу жұмыстарын жалғастыру
Әрдайым
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық, аудандық, қалалық ардагерлер кеңестері (келісім бойынша)
19.
Көкшетау қаласында ардагерлерге арналған әлеуметтік үй құрылысын салу
2005 ж. 1 мамырға дейін
Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, Ақмола облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы, Ақмола облыстық қаржы басқармасы
20.
Облыстық "Оқжетпес" теледидары арқылы, аудандар мен қалалардың кинотеатрларында, клубтарда 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күніне арналған фильмдер көрсету
2005 жыл наурыз- сәуір
Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық ақпарат басқармасы, ОТРК, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
21.
Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған "Солдату я слогаю оду" жауынгерлік әскери-патриоттық әндердің облыстық конкурсы
2005 жыл сәуір
облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
22.
Облыс аудандары мен қалаларындағы барлық деңгейдегі оқу орындарында Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған тәрбиелік-насихаттың, мәдени-сауық және бұқаралық спорт іс-шараларын ұйымдастыру
2005 жыл сәуір-мамыр
Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық білім басқармасы, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
23.
Көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымдарының облыстық "Сол жылдар мәңгі ұмытылмайды" байқауын ұйымдастыру
2005 ж. наурыз-мамыр
Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
24.
Облыс мектеп оқушыларының "Бейбіт өмір балалары - соғыс ардагерлеріне" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру
2005 ж. 28-29 сәуір
Ақмола облыстық білім басқармасы
25.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған облыстық "Патриот" акциясын өткізу:
а) ардагерлерге арналған концерт
б) көркем суретшілер шығармаларының көрмесі
в) "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" фото көрме
г) ҰОС ардагерлері мен жастардың қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен "дөңгелек стол" өткізу
2005 жыл сәуір-мамыр
облыстық ақпарат басқармасы, ОТРК, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
26.
"У войны не женское лицо" тақырыптық кеш
2005 жыл мамыр
облыстық ақпарат басқармасы, ОТРК, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
27.
"Үш ұрпақ кездесуін" ұйымдастыру (үш ұрпақ - ҰОС ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері мен жастар)
2005 ж. сәуір-мамыр
облыстық ақпарат басқармасы, ОТРК, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
28.
Соғыс ардагерлеріне арналған "Голубой огонек" кештерін ұйымдастырып өткізу (барлық жерлерде)
2005 жыл сәуір-мамыр
Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
29.
Жеңіс күніне арналған "Әрқашан күн сөнбесін" атты балалардың асфальттағы суреті байқауын өткізу
2005 жыл сәуір-
маусым
облыстық білім басқармасы, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық мәдениет басқармасы
30.
ҰОС Жеңістің 60 жылдығына арналған іс-шараларды БАҚ арқылы кеңінен жариялауды қамтамасыз ету
2005 жыл 9 мамыр
Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық ақпарат басқармасы, ОТРК, облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінің редакциялары
31.
Аймақтық БАҚ-нда Жеңістің 60 жылдығына арналған айдарлар ашу, ҰОС ардагерлеріне, олардың ерліктеріне, естеліктеріне арналған материалдар мен очерктер жариялау
Әрдайым
облыстық ақпарат басқармасы, облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінің редакциялары
Басқа 4
Облыс әкімдігінің
18.10. № А-9/239
"Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 60 жылдығын
мерекелеуге дайындалу
мен өткізу жөніндегі
іс-шараларды бекіту туралы"
қаулысына қосымша 2
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің ҚҰРАМЫ
Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы
облыс әкімінің орынбасары, төрағасы
Әкімов Рашит Қайыржанұлы
Көкшетау қаласының әкімі
Смайылов Жанболат Амангелдіұлы
Степногорск қаласының әкімі
Әубәкіров Руслан Шохметұлы
Щучье ауданының әкімі
Смағұлов Серік Зәйкешұлы
Ақмола облысы әкімі аппаратының бас инспекторы
Сейітжанова Нүрикамал Сейітжанқызы
облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Дмитриенко Елена Александровна
облыстық білім басқармасының бастығы
Сәдуақасов Нұрбек Қазбекұлы
облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры
Мадияров Әбділрахман Советұлы
облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Байдәулетова Күләш Ақанқызы
облыстық ішкі саясат департаментінің директоры
Савицкий Дмитрий Емельянович
облыстық қаржы басқармасының бастығы
Кәкішев Сапарбек Сақтағанұлы
облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы
Әбутәліпов Чапай Мүталапұлы
облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Баяділов Байқал Қайырлыұлы
Ақмола облыстық телерадиокомпаниясының директоры (келісімі бойынша)
Қынышбаев Бақыт Нұрахметұлы
Ақмола облысының әскери комиссары (келісім бойынша)
Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы
облыстық "Арқа ажары" газетінің бас редакторы
Косянюк Валентина Викторовна
облыстық "Акмолинская правда" газетінің бас редакторы